АСТАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағының ұйымдастыруымен Астана қаласында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты арттыру мақсатында шетелдік астаналық білім беру қызметкерлерінің Халықаралық Конференциясы өтіп жатыр.
Халықаралық Конференцияға Азербайджан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікістан елдерінің астаналарының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподақ төрағалары мен өкілдері шақырылды.
Сонымен қатар, Халықаралық Конференция отырысына қонақ ретінде Қазақстандық салалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері Кәсіподағы төрайымының орынбасары Әлия Әбиева, Астана қаласының білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, Астана қаласының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Төлеген Кунадилов қатысты.
Халықаралық Конференция барысында Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының қызметі туралы ақпарат баяндады. Шетелдік қонқтар да өздерінің елдеріндегі Кәсіподақтың қызметі туралы тәжірибемен бөлісті.