АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ МӘЖІЛІСІ ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстандық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымының кезекті Атқару комитетінің көшпелі мәжілісі Ақсай қаласында өткізілді.
Отырысқа облыстық Атқару комитетінің мүшелері, аппарат қызметкерлері мен қалалық және аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалдарының төрағалары қатысты.
Күн тәртібінде кәсіподақ ұйымдарындағы мүшелік базаны нығайту, кәсіподақ органдарының құрамы бойынша маңызды өзгерістер мен бірінші жарты жылдықта өткізілген шаралар туралы ақпараттар беріліп, білім беру ұйымдарындағы Өндірістік кеңестің ұйымдастырылуы және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы 2022 жылдың қорытындысы тыңдалды.
Жылдық жоспарға енгізілген Бөкейордасы, Жәнібек, Казталов аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалдарының төрағалары кәсіподақ ұйымдарындағы қызметкерлерінің құқықтық қорғалуы мен еңбек заңнамасын қадағалаудағы қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстары туралы мәселелер бойынша мәлімет берді.
Атқару комитетінің отырысында күн тәртібіне қойылған мәселелер қаралып, тиісті қаулылар алынды.
Көшпелі Атқару комитетінің мәжілісінен кейін, кәсіподақ белсенділері Ақсай қаласындағы Бөрлі аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалының жұмыс барысымен танысып, тәжірибе алмасты.
Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ
ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-