ЖАСТАР - КӘСІПОДАҚ ӘЛЕУЕТІ!
«Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырған «Жастармен жұмысты үздік ұйымдастыру» атты онлайн-байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқаудың негізгі мақсаты білім беру ұйымдарында жастармен жұмыс тиімділігін арттыру болып табылады.
Ұсынылған материалдар бойынша жиналған ұпай санына сәйкес жеңімпаздар мен номинанттар анықталды:
1 орын - ШҚО ББ «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Т.Тоқтаров атындағы мектеп-балабақша» КММ,
2 орын - ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицей» КММ,
3 орын - ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Степной негізгі мектеп-балабақша кешені» КММ,
«Жас кәсіподақ көшбасшысы» - Алтай ауданы бойынша білім бөлімі «Алтай қаласының балалар музыка мектебі» КМҚК және Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі «Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі» КММ,
«Әулеттің жалғастырушысы» - Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі «Бозанбай орта мектебі» КММ,
«Тәлімгерлік» - Алтай ауданы бойынша білім бөлімі «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ,
«Жастар батылдығы» - Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімі «Верх-Уба жалпы білім беретін орта мектебі» КММ және Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі «Асусай» мектеп-балабақша кешені» КММ,
«Салауатты рух» - Алтай ауданы бойынша білім бөлімі «Средигорное орта мектебі» КММ,
«Ақпараттық қолдау көшбасшылары» - ШҚО ББ «Самар аграрлық-техникалық колледжі» КММ.
Байқау жеңімпаздарын дипломдар мен ақшалай сыйақы күтеді.
Жастар - кәсіподақтың үлкен жасампаз әлеуеті, жас мамандардың артында – балаларымыздың және білім берудің болашағы. Сондықтан олардың жұмысына қолайлы жағдай жасау және жұмыс істейтін жастарға лайықты әлеуметтік қолдау көрсету өте маңызды.
Байқаудың жүлдегерлері мен номинанттарын құттықтаймыз! Қызметтерінізге табыс, кәсіби жетістіктер және жарқын жеңістер тілейміз!
-
Фото
-