КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ШИПАЖАЙҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ
Батыс Қазақстан облыстық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағының «Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті» бастауыш кәсіподақ ұйымында оқу жылының аяқталуына байланысты кеңейтілген ректорат отырысы өткізілді. Биылғы оқу жылында атқарылған кәсіподақ жұмысы туралы қорытындылап, кәсіподақ мүшелерінің жаңа оқу жылына жаңа күш – жігермен оралуларына тілек білдірді.
Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы мен университет ректоры Ақсерік Айтимов білім саласында көп жылдыр бойы еңбек еткен кәсіподақ мүшелеріне сауықтыру шипажайына 9 жолдаманы салтанатты түрде табыстады. Кәсіподақ мүшелері өздеріне көрсетілген ықылас пен құметке ерекше ризашылықтарын білдірді.
БҚО кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі