КӘСІПОДАҚ - ӨЗГЕРІСТЕР АЯСЫНДА
Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының тәжірибесімен бөлісу Республикалық семинар шеңберінде Павлодар қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы мектеп базасында ҚБ филиалының тәжірибесін « Білім беру қызметкерлері кәсіподағының Павлодар қалалық кеңесі» «Кәсіподақ өзгерістер аясында: тәжірибе, ұсыныстар, шешімдер» тақырыбында презентациялады.
Іс-шараға Салалық кәсіподақ төрайымы Мұқашева Айгүл Мақсатқызы, Павлодар облыстық ұйымының төрайымы Г.А.Наурызбаева, білім басқармасының басшысы Қ.Т.Қыдыралин, Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының өкілдері қатысты.
Кездесуге қатысушыларға «Мектеп коворкинг орталығы – ынтымақтастық, коммуникация және өзара әрекеттестік кеңістігі» жобасы ұсынылды, оның негізінде «Мұғалім 2:0 нейрондық желілер дәуіріндегі мұғалім», «Жеке брендтің күші», «Мұғалімнің өзін-өзі дамытуындағы буккроссинг - kitap– TAWN мастер класстар өткізілді. Мастер класс қатысушылардың қызығушылығын тудырып, нейрондық желілер дәуіріндегі мұғалімнің мүмкіндіктері, оқытуды жекелендіру, мұғалім мансабындағы жеке брендтің маңыздылығы, қолайлы білім беруді құру жолдары әсер етті.
«Кәсіподақ – өзгерістер аясында: тәжірибе, ұсыныстар, шешімдер» диалогтық алаңы аясында қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіндегі кәсіподақтың рөлі, кәсіподақтың қоғамдық-саяси қатынастар жүйесін құрудағы өзекті мәселелері бойынша сындарлы диалог өтті. «Педагог мәртебесі туралы» Заңды жүзеге асыру аясында барлық деңгейдегі мұғалімдерге лайықты, сапалы жағдайлар, әлеуметтік серіктестік аясындағы қызметтің инновациялық нысандары, кәсіподақ ұйымының инновациялық қызмет түрлерін ынталандыру, жастарды кәсіподақ қатарына тарту.
Қонақтарды қаланың жас ұстаздарынан құралған домбырашылар ансамблі, қалалық КВН байқауының жеңімпаздары, өнерлі жас ұстаздар қарсы алды.
Қалалық кәсіподақтар филиалының тәжірибесі әріптестердің қызығушылығын тудырды.
Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-