ҚАРҒАЛЫЛЫҚ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА БОЛДЫ
Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғаумен қатар, олардың емдеу-сауықтыру, жұмыс орындарындағы еңбек заңдылығының сақталуын қадағалау сынды шаралары да үнемі іске асырылып келеді.
Биылғы жаз мезгілінде Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданының өзінде 50-ге жуық кәсіподақ мүшесі Қостанай облысындағы «Сосновый бор», Түркістан облысындағы «Айша-бибі» шипажайларында, Алға ауданындағы «Шипагер» емдеу-сауықтыру орталығында тегін демалып қайтты. Қалған ұстаздар алдағы күндері Жамбыл облысындағы «Мерке» шипажайына жолдама алып отыр.
Педагогтар кешенді ем қабылдап, таудың саф ауасын жұтып, жанға жайлы демалыс орнында жазғы демалысты өткізеді. Мұнда санаторий-курорттық кешенінің өзіндік диагностикалық базасы толық медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік береді, оның негізінде ем қабылдаушылар денсаулық жағдайы туралы қорытынды және жеке емдеу бағдарламасын алады.
-
Фото
-