ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ ҚОСЫМША КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
«Солтүстік Қазақстан облысы Әкімдігінің білім басқармасы» КММ және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» ҚБ.арасында, 2021-2023 жж облыстық деңгейде білім және ғылым саласы қызметкерлеріне еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі әлеуметтік әріптестік туралы келісімінің қосымша келісіміне қол қойылды.
Қосымша келісімнің мазмұны білім беру саласы қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Қосымша келісімге Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Жәшібеков Н.А. және Солтүстік Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Аюпов Б.Е. қойды.