ОЙЫЛДЫҚ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Жыл сайын кәсіподақ ұйымы жыл сайын білім саласында еңбек ететін қызметкерлердің сауықтыру орындарында демалып, ем алуына елеулі мән беріп келеді.
Биыл да оқушылардың жазғы демалысы кезінде Ақтөбе облысының Ойыл ауданы бойынша 80-ге жуық кәсіподақ мүшесі денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік алды.
Қазіргі таңда ойылдық педагогтар мен кіші қызметкерлер Алға қаласындағы «Шипагер» емдеу-сауықтыру орталығында және Сарыағаш қаласындағы «Байқоңыр», «Ақниет», Алматы қаласындағы «Денсаулық», Ақмола облысындағы «Щучинск» шипажайларында демалуда.
Аталған шипажайлар заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Алатау бөктерінде орналасқан емдеу-сауықтыру орталығында демалушылар үшін барлық жағдай жасалынған. Онда ұстаздар мен кіші қызметкерлерлер дәрігерлердің тағайындауымен әртүрлі емдік процедураларды қабылдап, бос уақыттарын тиімді өткізуде.
Шипажайларда демалушыларға профилактикалық процедуралардың түрлері, фитошай, таза ауада серуендеу және тағы да басқалар емдік, профилактикалық іс-шаралардың үлкен ассортименттері ұсынылады. Сонымен қатар санаторий аумағында орналасқан шатырларда ойын-сауық шаралары өтеді, ойындар ұйымдастырылып, түрлі конкурстар мен викториналар өткізіледі.