ШАЛҚАРЛЫҚ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ШИПАЖАЙЛАРДА БАС ҚОСТЫ
Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы педагогтардың мүддесін қорғап қана қоймай, қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға да көп көңіл бөліп келеді. Бұл ретте бала бағбаны атанған ұстаздар мен білім саласының мамандарының әлеуметтік мәселелерін шешу күн тәртібінен түспейді.
Жақын күндері Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының 70-ке жуық кәсіподақ мүшесі Түркістан облысының «Айша-бибі», Жамбыл облысының «Мерке» шипажайларында және Қостанай облысының «Сосновый бор», Алға қаласының «Шипагер» емдеу-сауықтыру орталығында өткізді.
Емдеу-сауықтыру шараларынан білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін кіші қызметкерлер де тыс қалмады. Шипажайда олар емдік ванналар қабылдап, асқазан, ішек жолдары, буын ауруларының алдын алуға арналған кешенді ем алды.
Сонымен қатар Шалқар ауданының педагогтері мен кіші қызметкерлері шамшырағы қайта жанған көне шаһарлардың бірі Түркістан қаласына сапар шегіп, киелі өлкенің кереметтерін көріп келді. Бағдарлама бойынша кәсіподақ мүшелері Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне, Арыстан бабтың басына, Гаухар ана, Домалақ ана және өзге де киелі орындарға барып, тәу етті.
-
Фото
-