ЫРҒЫЗ ҰСТАЗДАРЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТАН ОРАЛДЫ
Еңбек адамының денсаулығына қамқорлық жасау кәсіподақтың назарынан тыс қалған емес. Ақтөбе облыстық кәсіподақ әр оқу жылының күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы демалысы кезінде сала үздіктерін марапаттап, оларға шипажайларға тегін жолдама ұсынады. Бұл білім кәсіподағының игі дәстүріне айналған шара. Қоғамдық бірлестік биыл да сол үрдістен айныған жоқ.
Кәсіподақ тарапынан педагогика саласында көпжылдық тәжірибесі бар, өткен оқу жылында жоғары жетістіктерімен дараланған, көптеген байқауларда топ жарған ұстаздарға шипажайларға жолдама тарту етілген болатын. Емдеу-сауықтыру орталығында тынығу - бұл жолы Ырғыз ауданының кәсіподақ мүшелеріне де бұйырды.
Қазіргі таңда аталған ауданының 20-ға жуық ұстазы «Шучинск», «Шипагер», «Айша бибі», «Мерке» емдеу-сауықтыру орталығында болып, ем алып келді. Олар шипажайларда кешенді ем қабылдап, көрікті жерлерге саяхат жасап, жазғы демалыстарын ерекше өткізді. Сонымен бірге, онда мәдени-көпшілік және сауықтыру шаралары да ұйымдастырылған.
Ем алушылардың айтуы бойынша, шипажайларда көпсалалы ем жүргізіледі. Фитотерапия, яғни шөп дәрілер қайнатылып беріледі. Сондай-ақ, парафин-озекерит, электрофорез, амплипульс, ингаляция, дарсенваль, алмаг 02, теплон, пантамен дайындалатын минералды ванна мен душ, балқарағай мен панта бөшкесі, массаж және тағы басқа ем-дом түрлері жүргізілген.
-
Фото
-