КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ДЕМАЛЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Еңбек еткен адамның әрқашан еңсесі тік, тапқан наны адал екендігі белгілі. Яғни, еңбек адамды мұратқа жеткізеді, тек еңбек еткен адам ғана оның шын мәніндегі жемісін көретіні анық. Бұл ретте кәсіподақ мүшелерінің еңбегін елеп, ескерусіз қалдырмайтын кәсіподақ ұйымы тарапынан жазғы демалыс кезінде де дәстүрлі қолдау көрсетіліп отыр.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 30-ға жуық кәсіподақ мүшесі оқу жылын ойдағыдай аяқтап, еңбек демалысын тиімді өткізіп жатыр. Аталған оқу орнының профессор-оқытушылары мен техникалық қызметкерлері кәсіподақ есебінен шипажайларда демалып, емдеу-сауықтыру шараларымен қамтылды.
Олар «Айша бибі», «Денсаулық» және «Мерке» сияқты еліміздің ең таңдаулы шипажайларында демалып, денсаулықтарын нығайтты.
Айта кетейік, шипажайлардың негізгі емдеу тәсілі - минералды су болып табылады. Шипалы су созылмалы асқазан, ішек ауруларының алдын алып, емдейді. Сондай-ақ, өт жолдары, созылмалы бауыр аурулары, сусамыр, созылмалы колит, энтероколит, дисбактериоз сияқты бірнеше дертке дауа. Сондай-ай, тұз шахтасы, родон ваннасы, фитотерапия, емдік массаж тағы да басқа көптеген процедураларды қабылдады.
Демалыс орындарында спорттық ойындардан валейбол, теннис ойындары, таңертеңгілік гимнастика ұйымдастырылып, арнайы емдік жаттықтырулар жүргізіледі.
Биік белестерді бағындырып, асқақ абыройға бөленген кәсіподақ мүшелерінің ерен еңбектері қашан да лайықты бағаланары сөзсіз.
Ақтөбе облыстық ұйымы
-
Фото
-