ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТЕРМЕН КЕЗДЕСУ
2023 жылғы 18 тамызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыруымен ШҚО жергілікті кәсіподағының құқықтық мәселелер және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау маманы Иван Соколов «Ашық есік күні» атты шараға қатысты. Бұл іс-шара құқықтарды және еңбекті қорғау мәселелері бойынша өтті.
Соколов И. білім саласында болып жатқан жаңалықтармен бөлісіп, шараға қатысқан мектеп директорлары, білім саласының мамандарының әлеуметтік әріптестік туралы облыстық келісім, білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарының ерекшеліктері талқыланып, қызметкерлерге төленетін төлемдер, қосымша ақыға байланысты мәселелер қаралып, көптеген сұрақтарына жауап берді.
-
Фото
-