«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: БҚО ҰЙЫМЫ НАУҚАНДЫ ҚОЛДАДЫ
«Мектепке жол» акциясы Батыс Қазақстан облыстық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағы ұйымында дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Шараның негізгі мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсету және әлеуметтік мұқтаж топтардың балаларына, оларды мектепке дайындауға бағытталған.
Шараның барысында облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев ата -аналар мен балаларды жаңа оқу жылының сәтті басталуын және оқуда озат болуларын тілеп, кәсіподақ мүшелерінің балаларына мектепке қажет құрал – жабдықтарға толы сөмкелерді табыстады.
Шараның қорытындысында, Қазақстан Инновациялық және Телекоммуникация жүйелер университетінің кәсіподақ төрағасы Талғат Рахметов және ата – аналардың атынан немересімен келген ақ жаулықты анамыз сөз алып, үлкен ықлас пен ризашылығын білдіріп, кәсіподақ жұмысының дамуын, нығаюын тіледі.
Болашақ білімді жастар қолында. Білімділігімен қоса рухани дамыған, еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстайтын ойы озық жастардың саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу - ортақ міндет.