«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» : АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫ АКЦИЯҒА АТСАЛЫСАДЫ
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы жыл сайын белсене араласып келеді. Қазіргі кезде аймақтың білім беру мекемелеріндегі бастауыш кәсіптік ұйымдары аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсетудің нақты жоспарын жасақтады.
Осыған сәйкес облыстық салалық ұйым – 6 , Атырау қаласы – 20, Құрманғазы – 30, Жылыой – 48, Индер – 15, Исатай – 25, Қызылқоға – 19, Махамбет – 20 және Мақат – 2 мектеп оқушысына қажетті мектеп формалары мен оқу-құралдарын алып беру үшін тиісті мөлшерде қаражаттарын бөлді. Қайырымдылық шарасы әлі де жалғасын табады.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі