«БІЛІМ КҮНІ» МАРАПАТТАЛДЫ
1 қыркүйек – «Білім күніне» орай Жылыой ауданында бірқатар ұстаздар кәсіподақ жанынан марапатталды. Мереке күнгі басқосуды «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жылыой ауданы комитеті» филиалының төрайымы Гулайым Туребекова алып, мерекемен құттықтады. Одан кейін арнайы келген «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы сөз алып, аймақтағы білім беру мекемелеріндегі кәсіподақтың атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. Төраға сөзінің соңында білім беру жүйесіндегі ұзақ жылдар бойы адал еңбегі мен ұстаздық міндетті абыроймен атқарып ұлтымыздың болашағы жастарға өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруде жетістіктерге жетіп, қоғамдық өмірге белсене қатысқан ұстаздарды марапаттады.
Атап айтқанда, «Айналайын» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Аманшина Айкенге «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін, Құлсары балалар өнер мектебінің директоры Қанжанова Гүлмаржанға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының «Құрмет грамотасын», № 9 орта мектеп мұғалімдері Станова Сара, Сыдықова Нағима, № 10 мектептің мұғалімі Шоланова Гүлжамиға, «Құлыншақ» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Қабақова Жанаттарға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының «Алғыс хаттарын» табыс етті.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі, баспасөз қызметі