БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАР ҚҰРЫЛДЫ
Кешегі өткен білім күні, Атырау қаласының іргесіндегі Жаңаталап кентінде «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты өз жұмысын бастады. Жаңа оқу жылында 150 шәкірт қабылданды, келесі жылы оның саны 300-ге жетіп, толық орта білім беру жүзеге асырылады. Облыстың аудандары мен қала маңындағы ауылдардан сараланып түскен 7,8,9 сынып оқушылары мектеп жанындағы жатақханамен қамтамасыз етілді. Жаңаталап ауылында бой көтерген үш қабатты ғимаратта балалар үшін алаңсыз білім алатын заманауи сыныптар, жаттығу залдары, асхана және жатын орындары жабдықталған.
Жуырда әскери мектеп-лицей-интернаты жанынан 50 мүшесі бар бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, төрағалығына кәсіподақ қызметінен тәжірибесі бар Бердикулова Толқын Асқарқызы сайланды.
Сондай-ақ, жаратылыстану бағытында жаңа форматта білім беретін «Зияткер» мектеп-лицей-интернаты жанынан да 50 мүшесі бар жаңадан ұйым құрылып, төрағалығына жоғары санатты мұғалім Нигматуллина Сания Кабдыгалиевна сайланды.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі, баспасөз қызметі.