ШҚО ОТБАСЫ КҮНІН АТАП ӨТТІ
Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкелерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының тікелей қызмет көрсету Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Әкем, анам, мен - тату отбасымыз» атты спорттық жарыс өткізді. ШҚТУ - бұл бір үлкен отбасы, әрқашанда татулығымен, мейірімділігі ерекшеленетін.
Салтанатты ашылу рәсімінде Басқарма төрағасы - ректор Сәуле Рахметуллина сөз сөйледі, ол балалар мен олардың ата-аналарын ерекше мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Отбасылық жарыстарға «Болашақ», «Жылдам кеды», «Омарито», «Арғын», «Бірлік», «Алтай», «Шығыс» сияқты командалар қатысты.
Жарыс өте қызықты өтті. Жеңіске жетер жол түрлі эмоцияға толы екені даусыз. Сондықтан қатысушыларының бет-жүзінен қуаныш, өкініш, мазасыздық, жеңіске деген құлшыныс, сәтсіздік салдарын, күлкі мен үмітті көруге болады. Нәтижесінде Асылхановтар – «Шығыс» отбасы үздік атанды, екінші орынды «Арғын» Сапарғалиевтер отбасы иеленді, құрмет тұғырының үшінші сатысына «Бірлік» Амантаевтар отбасы көтерілді.
Университеттің «Денсаулық және спорт орталығы» басшысы Болатбек Даумов, «Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы» бастығы Гүлнар Жаңабаева мен бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Шахрам Солтанбекова салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға дипломдар, сыйлықтарды табыстады.
Қатысушылар алған эмоциялары үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, сайыстың қызықты және көңілді өткенін атап өтті.
-
Фото
-