ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК – ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫП
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Маңғыстау облысытық ұйымының ұйымдастыруымен «Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелері үшін 2023-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісім» тақырыбында семинары өтті.
Алғашқы сөз алған Қазақстан оқу ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Маңғыстау облысытық ұйымының төрайымы Т.А.Баймбетова семинарға қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, бірнеше қойылған сауалдарға тұшымды жауаптарын берді.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселелер бойынша облыстық кәсіподақтың бас заңгері Н.С.Храмова білім беру ұйымдарындағы қызметкерлердің – экономикалық жағдайын жақсартуға облыстық келісімде көрсетілген қосымшалар және жаңалықтармен таныстырып нақтылап түсіндіріп өтті.
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы кәсіподақ ұйымы филиалы