БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС
Есептік-сайлау науқаны кәсіподақ ұйымдарының өміріндегі маңызды ұйымдастырушылық іс-шара болып табылады. 2023-2024 жылдар – барлық деңгейдегі білім беру кәсіподақ ұйымдарында есептер мен сайлау өткізу кезеңі.
Осыған орай, 2023 жылғы 14 қыркүйекте ШҚО жергілікті кәсіподақ тікелей қызмет көрсететін бастауыш кәсіподақ ұйымдары үшін «Кәсіподақ ұйымдарындағы есептер мен сайлау» атты кеңес-семинар өткізді. Оған бастауыш кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кадрлық резерві және мүшелері қатысты. Жұмыс барысында облыстық комитет төрағасының орынбасары Е.Крупко есеп беру-сайлау науқанының мақсаты мен міндеттері, іс-шаралар жоспары, сайлауға дайындық пен өткізу кезеңдері туралы айтып берді. Ұйымдастыру жұмысы жөніндегі маман А.Конакбаева есепті баяндаманы дайындау, жиналысты өткізу барысы және хаттамаларды ресімдеу бойынша тәжірибелік кеңестер берді.
Семинар барысында әрбір кәсіподақ ұйымындағы есеп беру мен сайлау жұмысына жауапкершілікпен қарау қажеттігі атап өтілді, өйткені дәл осы есепті-сайлау жиналысында кәсіподақтың әрбір мүшесі кәсіподақ атқарған істері, қол жеткізілген нәтижелер туралы біледі, жұмысты бағалап, ұсыныстар енгізіп және одан әрі жұмысты ұйымдастыру жөнінде тілектер ұсынады.
ШҚО білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстың бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есептер мен сайлау 2023 жылдың қазан-қараша айларында өтеді.
Әрбір кәсіподақ ұйымына есеп беру-сайлау науқанын сәтті өткізуді тілейміз!