ЕҢБЕК АДАМЫНА - ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ!
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, жастық шағының бар ғұмырын бала тәрбиелеу жолында сарпы еткен ардақты ұстаз Қадирова Алмас Асылбекқызы.
Алғашқы еңбек жолын 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылындағы «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мұғалімі - Қабден Ақынов атындағы орта мектебі» КММ еңбек пәні мұғалімі болып 40 жыл еңбек етіп, бір мектепте жастық шағы мен қарттық шағы қатар жүрді. Мектеп туралы әңгіме тиегі ағытылса әрбір заттың қалай жасалғанын, қалай келгендігін тәпіштеп түсіндіріп береді. Аталмыш мектепте 40 жыл жұмыс істеп бастауыш кәсіподақ төрағасы болып ширек ғасыр қызмет жасады. Еңбегінің арқасында бірқатар жетістіктерге қол жеткізді.
2018 жылы ШҚО білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастырумен өткен «Еңбек адамына лайықты өмір» атты салтанатты жиында «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. «Кәсіпкерлік және мамандық» бағдаламаның авторы болып «Үздік бағдарлама» атты жинаққа енді, «Технология - шеберлік, іскерлік, білгірлік мектебі» тақырыбындағы республикалық байқауда «Жаңартылған білім беру мазмұны - заман талабы» мақаласы 1 орынға иеленді, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Орта білім беруді әдіснамалық қамтамасыз етуді үйлестіру орталығы», республикалық «Көркем еңбек пәні мұғалімдері» қауымдастығының мүшесі ретінде жұмыс атқарды, 2021 жылы «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» республикалық байқаудың облыстық кезеңіне белсене қатысқаны үшін төрайым болып жетекшілік ететін мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы облыстық кәсіподақтың Құрмет грамотасына ие болды және көптеген жетістіктерге жеткен нағыз еңбек адамы.
Қарапайым еңбек адамының мәртебесін арттыру жолында, 2023 жылы білім саласында көрсеткен жоғары жетістіктер үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Алмас Асылбекқызы ұзақ жылдар бойы өзін жоғары кәсіби, білімді, іскер, әдістемелік сауатты және бастамашыл ұстаз ретінде көрсетті. Бойында табылатын - мақсатқа ұмтылу, саламатты өмір салтын ұстану, коммуникабельділік, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттері әр қашанда жастарға үлгі болатыны сөз¬сіз.
Бүгінде еңбек демалысына шықсада мамандығына деген көзқарасы ерекше, Алмас Асылбекқызына денiңе саулық, шаңырағыңа құт-береке, ұзақ ғұмыр тілейміз.