БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК САҒАТ
2023 жылдың 20 қыркүйегінде Астана қаласының Білім басқармасы, Әдістемелік орталық және Астана қаласы білім беру қызметкерлері Кәсіподағының бірлесіп ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, мектеп, арнайы, қосымша білім беру ұйымдарының басшыларына арналған әдістемелік сағат өтті.
Кездесу барысында Астана қаласының Білім басқармасы мен Әдістемелік орталықтың өкілдері баяндама жасады.
Сонымен қатар, Астана қаласы білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Алиев әдістемелік сағатқа қатысушыларға «Еңбек қатынастарын қорғау: еңбек дауларында кездесетін мәселелер» тақырыбында баяндама жасап, Кәсіподақ тарапынан атқарылып жатқан ауқымды іс-шараларға тоқталды. Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында мекеме басшылары өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды.
-
Фото
-