БАСЫМДЫҚТА - ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Еңбек күніне арналған іс-шаралар аясында Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының құқықтық мәселелер жөніндегі және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша бас маман И. Соколов «Өрлеу» БАҰО» ШҚО бойынша филиалы «Кәсіби даму институты» мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курстарында сөз сөйледі.
Ол Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, педагог мәртебесі туралы Заңның жекелеген нормаларын түсіндіріп, басшыларға нормативтік-құқықтық актілерді мұқият зерделеу қажеттігін атап өтті.
Өз сөзінде әлеуметтік әріптестік туралы салалық Келісімдер мен жергілікті жерлердегі ұжымдық шарттардың талаптарын орындауға ерекше назар аударды.
Курс тыңдаушылары көптеген мәселелерді талқылап, оларды толғандыратын сұрақтарға жауап алып және білім беру ұйымдары басшыларының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында осындай кездесулердің қажеттілігін атап өтіп, алғыстарын білдірді.