АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні Құлсары қаласындағы № 8 орта мектептің акт залында Еңбек күні мерекесіне орай «Еңбегімен ел таныған» атты тағылымы мен тәрбиелік мәні зор шара өтті. «Атырау облысы білім жене ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі мен Жылыой аудандық филиалы мұрындық болған осынау шара «Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мұғалім, Жылыой ауданының Құрметті азаматы, білім беру ісінің ардагері Мәжит Сағиұлының мерейлі 75 жасқа толуына арналды. Өзінің бар саналы да мағыналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиелеу, білім беру ісін ұйымдастыруға арнаған абзал ағаны құттықтауға қала мен аудандардан кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділері, қызметтес болған әріптестері, ардагер-ұстаздар келді.
Салтанатты жиын ауданның өнер мектебі мұғалімдерінен құралған ансамбль өнерімен ашылды.
Қоғам алдында қашанда орны ерекше, абыройы биік тұлға, еңбекқор азамат Мәжит Сағиұлының өмір мен педагогикалық, қайраткерлік жолын баяндайтын бейнекөрсетілім көпшілікке, әсіресе жас ұстаздарға ерекше әсер қалдырды.
Мерейгерді «Атырау облысы білім жене ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы құттықтап, ардагер ағаның білім беру ісін ұйымдастыру, педагогикалық және қоғамдық қызметіне тоқталып, «Үздік педагогикалық қызметі үшін» марапатталатын КСРО Халық мұғалімі Құсиын Айтқалиев атындағы төсбелгіні тапсырды.
Салтанатты шара қонағы – Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым жене жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының төрағасы
Айгүл Мұқашева өз сөзінде еліміздегі Кәсіподақтар федерациясы – жұмыс берушілер мен еңбеккерлер арасында басты медиатор, қоғамдағы ірі және қуатты азаматтық институттардың бірі екендігін сөз етіп, биылғы «Қауіпсіз еңбек жылы» болып жарияланған жылдың міндеттеріне тоқталды. Ол ардагер ұстазды құттықтап, салалық кәсіподақтың марапаттарын ұсынды.
Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Семғалиев жұмысшы-қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек қауіпсіздігін сақтау, әлеуметтік мәселелері мен дау-дамайды шешудегі әріптестерінің еңбектерін атап өтті.Әлібек Аманжанұлы Мәжит Сағиұлына облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Сондай-ақ, мерейгерді Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин, Махамбет, Исатай аудандары әкімінің орынбасарлары Светлана Аманшиева мен Нұрғайша Әбежан, еңбек ардагері Қойшыбай Шағатаев және басқа да әріптестері құттықтап, игі тілектерін жолдады.
Еңбек күніне арналған салтантты жиында озық ойлы, дарынды шәкірттерімен абыройлы қызмет атқарып жүрген ұстаздардың бір тобына КСРО Халық мұғалімі Құсиын Айтқалиев атындағы тесбелгілері, кәсіподақ көшбасшыларына кәсіподақтағы белсенді қызметі үшін арнайы марапаттар тапсырылды.
Көңілді кеш көркемөнерпаздар концертіне ұласты.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкелері кәсіптік одағы» ҚБ
-
Фото
-