БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СПОРТТЫҢ ЖАЛАУЫН ЖЕЛБІРЕТТІ
Сыр елінің ұстаздары арасындағы облыстық спартакиада жеңімпаздары анықталды. 4 күнге созылған тартысты додаға 340 қа жуық қызметкерлер қатысып, спорттың 7 түрінен бақ сынасты. Комитет төрағасы Гүлнар Бабабекқызы салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыру, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатын ұстанған байрақты бәсекеде бақтарын сынауға келген командаларды құттықтап, жақсы нәтиже көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Волейбол (ерлер)
1 орын: Қызылорда қаласы
2 орын: Шиелі ауданы
3 орын: Жаңақорған ауданы
Волейбол (қыздар)
1 орын: Қызылорда қаласы
2 орын: Арал ауданы
3 орын: Шиелі ауданы
Шағын футбол
1 орын: Шиелі ауданы
2 орын: Жаңақорған ауданы
3 орын: Арал ауданы
Баскетбол (ерлер)
1 орын: Шиелі ауданы
2 орын: Қызылорда қаласы
3 орын: Жаңақорған ауданы
Баскетбол (қыздар)
1 орын: Қызылорда қаласы
2 орын: Қармақшы ауданы
3 орын: Қазалы ауданы
Үстел теннисі
1 орын: Қармақшы ауданы
2 орын: Қызылорда қаласы
3 орын: Қазалы ауданы
Шахмат
1 орын: Қызылорда қаласы
2 орын: Жалағаш ауданы
3 орын: Қазалы ауданы
Тоғызқұмалақ
1 орын: Қазалы ауданы
2 орын: Қармақшы ауданы
3 орын: Шиелі ауданы
ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕППЕН
I орын – Қызылорда қаласы/ 55 ұпай
II орын – Шиелі ауданы/ 45 ұпай
III орын – Қазалы ауданы/41 ұпаймен құрама командалары үздік үштікке тұрақтады.
Қатысушыларға кубоктар, медальдар, арнайы номинациялар, диплом, алғыс және естелік сыйлықтар табысталды.
Барша жеңімпаз, жүлдегер командаларды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы республикалық спартакиадада жеңіс тұғырынан көрінулеріңізді тілейміз.