ЕҢБЕК ПЕН БІЛІМНІҢ ЖЕМІСІ
Абай Құнанбайұлы «Еңбегі мен ақылын» тең ұстай білетін адам ғана кездескен қиындықтарды еңсеріп, тынымсыз еңбек арқылы биік дәрежеге қол жеткізе алатынын айтқан.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданыныңбілім беру кеңістігінде тәжірибелі де білікті, өз саласының кәсіби маманы атанған ұстаздар өте көп. Солардың бірегейі – Мұнайлы ауданы №1 «Балдырған» жедел басқару құқығындағы МКҚК бөбекжайы директорының міндетін атқарушы Нұранова Марияш Нұранқызы. Ол білім саласында 30 жыл бойы үздіксіз еңбек етіп келе жатырған ұстаз.
30 жылға жуық еңбек жолында кәсіби дараланған маман ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын шәкірттерін оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Аталмыш салада қызмет етіп жүрген ұстаздың бойынан біліктілікке талпыну әлі де байқалады.
Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген аса ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді.
Оның шәкірттері аудан, облыс, республика мен халықаралық шығармашылық конкурстар мен байқаулар жеңімпаздары.
Марияш Нұранқызы 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай балабақшалар арасында өткізілген республикалық байкаудың «Үздік аудандық балабақша» номинациясы бойынша ІІ орынмен, Мұнайлы аудандық білім бөлімінің «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» байкауында ІІ орын, «Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» байкауында ІІІ орынмен марапатталған.
Маманның тізбектелген жетістіктері – тек қана адал еңбек пен білімнің жемісі!
Мұнайлы аудандық филиалы,
Маңғыстау облысы.