ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА!
Әр бір тұлғаның өмір жолында қандай белеске шықпасын, сол белестің нық қадамын басуға негіз болатын ұстаз берген тәрбие мен білім, ғибрат. Ұстаздық етуден жалықпай, өмір жолымен де, азаматтық істерімен де үлгілі азаматтардың бірі, технологи пәні мұғалімі - Төлебай Бекзат Қалдыбайұлы.
Бекзат Қалдыбайұлы 1966 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Байғанин совхозында дүниеге келген. 1983 жылы орта мектепті бітіріп, 1983-1990 жылдары (арасында 2 жыл әскерде болған) Гурьев педагогика институтын бітірген. Ұстаздық еңбек жолын Ақтөбе облысы Байғанин ауданы №1 орта мектепте бастаған. 1997 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласына қоныс аударып ондағы №5 орта мектепте технология пәні мұғалімі, сонымен қатар, қалалық білім үйлестіру орталығында аталған пән бойынша әдіскер қызметін атқарған.
Өз пәнінің майталманы, бала қиялын ұшқырлыққа жетелуші маман деп айтуға негіз болатын жұмыстарына ұжым куә. Шәкірттерін тек ізгі қасиетке, жақсы бастамаларға жетелейтін мұғалімнің шығармашылық жұмыстары 2010 №2 және 2013 жылы №8 Республикалық әдістемелік «Мектептегі технология» журналында жарияланды.
Облыстық білім басқармасы және Облыстық мұғалімдердің біліктілік арттыру институтының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Ақтау қаласының дамуына қосқан үлесі үшін «Ақтау қаласына 50 жыл», Маңғыстау облысының 40 жылдығы естелік медалімен, 2013 жылы облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподағының құрмет грамотасымен, 2013 жылы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты біліктілік арттыру жүйесіндегі ынталы, белсенді, сапалы қызметі үшін «Үздік қызметкері» медалімен марапатталды. 2014 жылы Республикалық «Мектептегі технология» журналының байқауына қатысып арнайы сертификатпен және мақтау қағазымен марапатталды. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жылдығы құрметіне және Мұнайлы ауданының білім беру жүйесіндегі жетістіктері үшін Мұнайлы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Р.Текеева,
Мұнайлы аудандық филиалының төрайымы.
Маңғыстау облысы.