«ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР»
Үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту - ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз.
Қарттарын қадірлеген қазақ халқы үшін де күнтізбедегі 1 қазан - Қарттар күні деп белгіленген. Осы орайда талай жасты тәрбиелеп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген қарияларымызды, соның ішінде Мұнайлы ауданы бойынша білім саласының ардагер ұстаздарын аталмыш төл мерекесімен құттықтау мақсатында,
2023 жылдың 30 қыркүйек күні Мұнайлы ауданы бойынша кәсіподақ ұйымының «Қарттарымызды ардақтайық» атты акциясы ұйымдастырылды.
Мектеп және балабақшалардың кәсіподақ төрағалары ауызбіршілікпен ұлағатты ұстаздардың үйіне барып, азық-түлік себеттерін тарту етті. Өз кезегінде қарттарымыз ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Мұнайлы аудандық филиалы,
Маңғыстау облысы.
-
Фото
-