ЕҢБЕК КҮНІН АТАП ӨТТІ
Еңбек күніне орай Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Б.Сүлейменов атындағы орта мектебінде «Еңбек күні» атты семинар өтікізілді.
Семинарда еңбек өнімділігіне ынталандыру, қарапайым мамандықтың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару мақсатында еңбек заңнамасы түсіндірілді. «Еңбек» өмір мәні десек, бұл мереке адал еңбегімен қоғамға өлшеусіз үлес қосып жүрген ұстаздар мен қызметкерлерге құттықтау үнпарағы үлестірілді.
Сонымен қатар аталған ауданның №4 орта мектебі және Жаңақоныс орта мектебінде ұжым мүшелері арасында «Елдің қымбат қазынасы - еңбекқор адам» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел аясында қатысушыларға видеоролик көрсетіліп, «Еңбек адамы дегенді қалай түсінесіз?», «Өзіңіздің еңбегіңізді қаншалықты бағалайсыз?», «Жасап жатқан жұмысыңызға көңіліңіз тола ма?» деген сұрақтар төңірегінде пікір алмасты. Дөңгелек үстел қорытындысында әр маманның еңбегі еліміздің құнды байлығы екендігі туралы айтылды. Семинар соңында бірқатар ұжым мүшелеріне табысты еңбегі үшін Алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.
-
Фото
-