ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ ТОЛАСТАМАЙДЫ
Жыл сайын елімізде Халықаралық қарттар күні тұрақты аталып өтіледі. Қоғам аға буын өкілдеріне зор құрмет көрсетіп, олардың аса құнды кеңестері мен ақыл парасатын, ғұмырлық ғибратын үлгі тұтатындықтан Қарттар күні аса қастерлі мейрам саналады.
Қарттарды қадірлеу, үлкенді үлгі етіп, құрметтеу қазақы болмысымыз мен тəрбиемізге тəн ұлағатты тəлім. Қазақ даналығында "Қарты бар үйдің қазынасы мол" деген тəмсіл бар. Қарттарымыз өнегелі өмір жолымен өскелең ұрпаққа үлгі болар асыл жандар. Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай ұзақ жылдар бойы ерен еңбегімен, ұрпаққа үлгі ұстаздық қызмет атқарған білім мекемелерінің ардагерлеріне ізгі ілтипат, құрмет көрсету мақсатында мерекелік кештер болып өтті. Мерекелік шаралар аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен жүзеге асты.
Мерекелік шара аясында білім саласының қызметкерлері мен білім алушылар даярлаған концерттік бағдарлама қойылып, мерекелік дастархан əзірленді.
Қазыналы қарттарымызды ардақтаған шара соңында өздеріне көрсетілген ықылас пен қошеметке риза болған қарттар мен ақжаулықты аналар алғыстарын айтып, батасын берді. Сондай-ақ, мерекелік кездесуде ардагерлерге кəсіподақ ұйымының сый-сыяпаттары жасалды.
Ардагерлерді ардақтауға арналған игі шара естелік суретке түсумен қорытындыланды.