Білім мен ғылым – табысты болудың негізгі кілті!
2023 жылы 5 қазанда астанада педагогтердің республикалық съезі өтті.
Съезге еліміздің әр аймағынан 600 мұғалім қатысты. Алаңда озық тәжірибелерімен және халықаралық дағдыларымен бөлісті.
Съезд жұмысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Өз сөзінде еліміздің Президенті тұлғаның дамуы мен болашақ маманның қалыптасуы тікелей мұғалімге байланысты екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларды Республикалық съездің ашылуымен және Мұғаімдер күнімен құттықтады. «Шынымен де, бүгін аса маңызды іс-шара өтіп жатыр, себебі ұстаз – ең алдымен, беделді мамандықтардың бірі. Ұстаз болу – жауапты қызмет. Ұстаздар қауымы еліміздің және мемлекетіміздің даму жолындағы жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етуде» - деді мемлекет басшысы.
Бүгінгі таңда озық технологияларға, ғылым мен білімге сүйенетін елдер қарқынды дамуға қол жеткізуде. Жаңа дәуірде мектептегі білім сапасы мемлекеттің дамуына тікелей әсер етеді, ал мектептің қандай болатыны тек мұғалімге байланысты.
Өз сөзінде Президент білім беру жүйесіндегі цифрландыру қарқындылығын тездетудің маңызды екенін атап өтті. Сандық шешімдер озық педагогикалық тәжірибені тез және тиімді масштабтауға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен, тіпті, ең шалғай аудандардағы мектеп оқушыларын елдегі және әлемдегі ең жақсы мұғалімдердің материалдарымен және сабақтарымен қамтамасыз етуге болады.
Жалпы, білім беру жүйесін сапалы жаңа деңгейге шығару үшін оны ауқымды цифрлық трансформациялау қажет.
Съезд делегаттары оқытудың авторлық әдістемелерімен, озық тәжірибелерімен бөлісіп, саланың өзекті мәселелерін талқылады.
Съезде сөйлеген сөзінде білім беру үдерісіндегі цифрландырудың рөлін атап өткен әріптесіміз Әсет Бақытжанұлы Серікбаев үшін ерекше мақтаныш сезінеміз. Асет Бахытжанович ҚБ-ға қарасты Павлодар облысы Жастар кеңесінің мүшесі, Павлодар қаласы А.Байтұрсынов атындағы инновациялық типтегі ЖОМ директорының оқу-тәрбие ісінің орынбасары, тарих және құқық пәнінің мұғалімі болып табылады. Белсенді өмірлік ұстанымы, педагогикалық және шығармашылық жетістіктері республикалық және халықаралық деңгейде атап өтілді. Әсет Бақытжанұлы интербелсенді тәсілмен ерекшеленетін «PRO100 Конституция» электронды оқулығының авторы. 2020 жылы өткен «Үздік авторлық бағдарлама» байқауына қатысып, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. «Үздік жас маман-2020» республикалық байқауына қатысып, 1-дәрежелі дипломмен және «BILIM-ÒRKENIETI» Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының төс белгісімен марапатталды. 2021 жылы «30 Еңбек елшісі» ҚРКФ республикалық жобасына қатысты, «Жыл мұғалімі - 2021» қалалық байқауының Гран-при жүлдегері. «Жас ұстаз» номинациясында «Кәсіподақ! Ұстаз! Жастар!» облыстық кәсіподақ бейнежазбалар байқауының 1-дәрежелі диплом иегері.
2015 жылдан бастап Жастар кеңесінің жұмысында қолданылып жүрген он бестен аса бейнероликтер жасаған.
А.Б.Серікбаевтың қоғамдық және кәсіби қызметі Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен, Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Сондықтан ұлт мұғалімі Ахмет Байтұрсынұлының «Халықтың өмірін жақсарту – балаларды оқыту ісінен басталуы керек» деген сөзі өзекті болып табылады.
Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі