«КӘСІПОДАҚ ҰСТАЗДАРМЕН ЖАҢА МАҚСАТ, ЖАҢА БАҒЫТТА!»
Ағымдығы жылдың 10 қазан күні «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Еңбек күні, Ұстаздар және Қазақстан Кәсіподақтары күніне арналған «Кәсіподақ Ұстаздармен жаңа мақсат, жаңа бағытта!» тақырыбында салтанатты мерекелік шарасын ұйымдастырып өткізді.
Фойеде көңілді әуендер ойналып тұрды. Ресми қонақтар мен шақырылған ұстаздар орындарына орналасқаннан кейін жүргізушілер ортаға шығып, салтанатты кешті бастап кетті.
Құттықтау сөз «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баймбетова Тарбия Анайбекқызына берілді.
Төрайым сөзінде ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген ізбасарларына ізеттігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагер ұстаздарымыздың орны ерекше екенін атап өтті.
Білім саласында белсенді қызметтерімен танымал болған, ардагер ұстаздар, кәсіподақ қозғалысының ардагер көшбасшылары,қазіргі таңда зейнеткерлер - Ақжанова Дина Жұптұрғанқызы мен Кашиева Ақмоншақ және «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының филиалы, Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институтының мұғалімі мен кәсіподақ төрайымы лауазымдарын қоса атқарған Бактиярова Кибат Шайхатқызына гүл дестелері мен сый-сияпаттар табысталды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Әлеуметтік әріптестік» жылында және «Еңбекті қорғау» жылы аясында, Облыстық кәсіподақпен біріккен әлеуметтік іс-шаралардың жүзеге асуына белсенді атсалысып қолдау көрсетіп, кәсіподақ қозғалысының өрістеуіне ықпал етіп жүрген әлеуметтік әріптестер және кәсіподақ көшбасшылары, жас мамандар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Құрмет грамотасымен», «Алғысымен», «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен», «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Кеш соңы мерекелік шағын концерттік бағдарламамен ұласты.
Облыстық білім беру мекемелері басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, белсенді кәсіподақ ұйымының жастары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіре отырып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік - экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметтеріне сәттілік, шығармашылық табыстар тілеп тарқасты.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-