КӘСІПОДАҚ – ОЛ БІЗ!
Күз мерекелерге бай мезгілдердің бірі: Еңбек күні, Мұғалімдер күні, бухгалтерлер күні, ал 10 қазанда Қазақстан кәсіподақтары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде.
Кәсіподақ –барлық саланың қызметкерлерін біріктіретін ұйым, сондықтан Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен «Кәсіподақ – ол біз!» атты шараға кәсіподақ белсенділері, ұстаздар, бухгалтерлер және облыстың білім беру ұйымдарының техникалық қызметкерлері жиналды.
ШҚО жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Касенова жиналғандарды мерекемен құттықтап, кәсіподақ қол жеткізген барлық әлеуметтік кепілдіктердің білім беру қызметкерлері үшін маңыздылығын атап өтті, барлығына еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау бойынша қызметтеріне толағай табыс, кәсіподақ бірлігі менынтымақтастық тіледі.
Білім беру жүйесіндегі адал еңбегі және кәсіподақ өміріне белсенді қатысқаны үшін кәсіподақ мүшелеріне салтанатты түрде Қазақстандық салалық кәсіподағының, ШҚО жергілікті ұйымының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.
ШҚО жергілікті кәсіподақ ұйымының маманы Базилева Нурсагиля Смагуловна көп жылғы және кәсіподақ алдындағы ерекше еңбегі мен кәсіподақ қозғалысының қалыптасуына, бірлігін нығайтуға, дамуына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Қазақстан кәсіподақтарқозғалысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен ерекше марапатқа ие болды.
Аудандық және қалалық кәсіподақ төрағаларының жылы құттықтаулары, әр ауданның білім беру ұйымдарының талантты қызметкерлерінің сыйға тартқан жарқын музыкалық нөмірлері, кәсіподақтың қатардағы мүшелерінің шын жүректен алғыс сөздері аталған мерекені ерекше, қызықты, әрі ұзақ уақыт есте қаларлықтай ықпал етті.