БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАС БУХГАЛТЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Бүгін Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бас бухгалтерлеріне арналған семинар өтті.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» № 553 бұйрығының 43-тармағы мен 367-тармағына сәйкес бас бухгалтер және бухгалтер еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, өндірістік санитарияны, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білуі тиіс.
Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Алиев семинарға қатысушыларды білім беру саласында Еңбек Кодексі мен нормативтік құқықтық актілердің нормаларын тәжірибелік қолдану туралы баяндады.
Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да айтып берді.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Семинар соңында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.
-
Фото
-