МАҢҒЫСТАУДА МҰҒАЛІМДЕР СПОРТТЫҚ ДОДАДА БАҚ СЫНАДЫ
12-14 қазан күндері Жаңаөзен қаласы Рахмет Өтесінов атындағы спорт кешенінде Маңғыстау облысының мұғалімдер Спартакиадасы өтті. Спартакиадаға Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының мұғалімдері қатысты.
Жарыстың 3 спорт түрі бойынша: волейбол (ерлер, әйелдер), шағын футбол,үстел теннисінен 300 - ге жуық спортшы бақ сынасты.
Спартакиада қорытындысы бойынша:
Үстел теннисінен:
І орын Жаңаөзен қаласы;
ІІорын Бейнеу ауданы;
ІІІ орын Ақтау қаласы.
Волейбол ерлер:
Іорын Мұнайлы ауданы;
ІІ орын Жаңаөзен қаласы;
ІІІ орын Түпқараған ауданы.
Волейбол әйелдер:
І орын Ақтау қаласы;
ІІ орын Жаңаөзен қаласы;
ІІІ орын Қарақия ауданы.
Шағын футбол:
І орын Мұнайлы ауданы;
ІІ орын Ақтау қаласы;
ІІІ орын Маңғыстау ауданы.
Жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылардың атынан Диплом, Грамота, кубокпен марапатталды.
Жалпы командалық есепте: І орын Жаңаөзен қаласы, ІІ орын Мұнайлы ауданы, ІІІ орын Ақтау қаласының мұғалімдері -Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының ақшалай сыйақыларымен марапатталды.
Жеңімпаз командалар республикалық ақтық сынға жолдама алды.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-