МҰҒАЛІМДЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
БҚО кәсіподақ ұйымы Орталық комитеттің бөлім басшылары Райхан Қыдырбаева мен Ернар Иманбаевтың қатысуымен кәсіподақ белсенділеріне арналған семинар өткізді.
Жиынды білім саласының облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев ашты. Райхан Кидирбаева Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат беріп, мұғалімдерді аттестаттау ережесінің жаңа жобасына шолу жасап, мұғалімдердің біліктілік санаттарын беру тәртібі мен білімін бағалау бойынша үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы туралы түсіндірді. Тақырып аясында кәсіподақ мүшелері тарапынан түйткілді сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Семинар барысында, Ернар Иманбаев кәсіподақтың тарапынан берілетін марапат түрлерімен таныстырып, бекітілген ережесіне сәйкес рәсімделуіне тоқталды. Сонымен қатар,әлеуметтік әріптестік туралы үш жақты Салалық келісімде көрсетілгендей, кәсіподақ марапаттарымұғалімдерді аттестаттау кезінде ескерілетінін атап өтті.
Қатысушылар екі сағат ішінде Салалық кәсіподақ қызметі туралы толыққанды ақпарат және өзекті сұрақтарына толық жауап ала отырып, осындай форматтағы кездесулердің жиі өткізілуіне ұсыныс білдірді.
-
Фото
-