БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ XXX ЕСЕП БЕРУ – САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облысында Оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының XXX есеп беру – сайлау конференциясы өтті. Жиынға Қазақстандық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының төрағасы Айгүл Мұқашева, бөлім басшылары Райхан Кидирбаева мен Ернар Иманбаев, облыстық Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова, білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, Талдықорған және Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының төрағалары Мэлс Төлепбергенов пен Назгүл Қасенова және делегаттар қатысты.
Төраға Марат Даупаев, конференцияға сайланған делегаттар мен қатысушы қонақтар алдында облыстық ұйымның есепті мерзім ішіндегі жұмысы жөнінде баяндама жасады. Тексеру комиссиясының төрағасы Максим Умбеталиев Тексеру комиссиясының есебімен таныстырды. Делегаттар тарапынан ұйымның жұмысына «оң» баға беріліп, жарғы талаптарына сәйкес алдағы бесжылдық мерзімге Батыс Қазақстан облыстық ұйым төрағасы лауазымына Марат Даупаевтың кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан дауыс беріліп, сайланды.
Алқалы жиынның күн тәртібіндегі Пленум құрамы мен Тексеру комиссиясы және тағы басқа мәселелер қаралып, қаулылар алынды.
-
Фото
-