КІТАПХАНАШЫ БОЛУ – БІР БАҚЫТ
Осындай атаумен Оқу-ағатру, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы салтанатты қабылдау ұйымдастырды.
Бұл шара Кітапханашылар күніне орай өтті.
Шараға арнаулы орта және орта білім беру мекемелерінің кітапханашылары қатысты. Салтанатты қабылдауды облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов ашып, біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз- кітап екенін айтты. Тарихтан сыр шертетін барлық байлық кітапханаға жинақталғанын тілге тиек етіп, осы құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы–кітапханашылардың еңбегін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы қарашадағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасы бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асырушы осы маман иелері екенін баса айтып, мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Мерекелік шараға қатысушылардың ішінде жұмыс өтілі 35 жылдық құрайтын Талдықорған агро-техникалық колледжінің бас кітапханашысы Саяжан Калимуратова әріптестерін төл мерекесімен құттықтап, өзінің тәжірбиесімен бөлісті. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығының жауапкершілігі жоғары екенін айтып, жас мамандардың жүктелген міндетті абыроймен атқаратынына сенім білдірді.
Келесі сөзді «Талдықорған қаласының облыстық №1 «балабақша –мектеп-интернат» арнайы кешені» КММ кітапханашысы Кульбарам Изтлеуова алып, кітапханашыларға ақ тілегін арнап, кітапханашы болудың қыр-сырын айтып, орын алған өзгерістерге толталды.
Шара соңында қатысушыларға облыстық ұйымның Құрмет грамотасы мен бағалы сыйлығы табыс етілді.
Оқу-ағатру, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-