ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА КӘСІПОДАҚТЫҢ ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРЫ
Республика күні қарсаңында Кәсіподақтар үйінде Павлодар облыстық ұйымы жанындағы Жастар Кеңесі активінің кездесуі өтті. Кездесу «Жаңа Қазақстандағы жаңа кәсіподақтың жалынды жастары» диалог-пікірталас алаңы форматында өтті, оған жас педагогтар мен кәсіподақ қозғалысының жас көшбасшылары қатысты.
Диалог алаңды ҚБ-ға қарасты облыстық жастар кеңесінің төрағасы А.Е.Әбілдинова ашты. Айнур Еркінқызы әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтап, «Жас ұстаз» жол картасының табысты іске асыруға жас педагогтардың қосқан үлестерін атап өтті.
Кездесу барысында Жастар кеңесінің мүшесі, кадрлар резерві жобасының қатысушысы, А.Байтұрсынұлы атындағы инновациялық типтегі ЖОМ директорының ақпараттандыру ісінің орынбасары, тарих мұғалімі А.Б.Серікбаев қатысқан шығармашылық бейнеролик көрсетілді. Ол интербелсенді бағытпен ерекшеленетін «PRO100 Конституция» электронды оқулығының авторы болып табылады. 2020 жылы «Үздік авторлық бағдарлама» қалалық байқауына қатысып, 1 дәрежелі дипломды иеленді. «Үздік жас маман - 2020» республикалық байқауына қатысып, 1 дәрежелі дипломмен және «BILIM-ÒRKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының төс белгісімен марапатталды. 2021 жылы «30 Еңбек елшісі» ҚРКФ республикалық жобасына қатысып, «Жыл мұғалімі-2021» қалалық байқауының Гран-при иеленушісі. «Жас ұстаз» номинациясында «Кәсіподақ! Ұстаз! Жастар!» облыстық кәсіподақтың бейнероликтер байқауында 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Мұғалімдер күнін мерекелеу қарсаңында Асет Бахытжанович республика Президентінің алдында өзінің кәсіби қызметі және жұмыста жаңа технологияларды қолданудың өзектілігі туралы сөз сөйлеген Республикалық педагогтар съезінің бас спикерлерінің бірі болып таңдалды.
Баянауыл ауданы Жастар кеңесінің жұмыс қорытындысы бойынша Майқайын ЖОМ биология және химия мұғалімі, Баянауыл ауданы Жастар кеңесінің төрағасы Б.М.Бахитденов сөз сөйледі. Бөгембай Маратұлы «KASIPODAQ Барысы» жобасының іске асырылу қорытындысы бойынша сөз сөйледі.
Павлодар қаласының жас ұстаздарымен жүргізген жұмыстары жөнінде Павлодар қаласы Жастар кеңесінің төрағасы, музыка мұғалімі О.А.Омаров сөз сөйледі. Олжас Алпамысұлы білім беру саласында бірінші жыл қызмет етіп келе жатқан жас ұстаздардың шығармашылық бағытын дамытуға бағытталған «FIRST – YEAR» жобасымен таныстырды.
Диалог барысында облыстық Жастар кеңесінің мүшесі Б.М.Амиркашев Тереңкөл ауданындағы "PROF TV" кәсіподақ медиажобасының іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Жобада жас ұстаздар мен әлеуметтік серіктестердің білім беру ұйымдарының қызметіне қатысу, жас ұстаздардың кәсіби өсуін және кәсіподақ шараларын іске асыруда ортақ күш-жігер қарастырылады.
Қатысушылар алдында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Павлодар облыстық ұйымының төрағасы Г.А.Науразбаева сөз сөйледі. Гүлбарам Ауэзханқызы әріптестерінің назарын шығармашылық және ұйымдастырушылық әлеуеті бар облыстың жас педагогтары кіретін кадрлық резервтің облыстық кәсіподақ жобасын табысты іске асыруға аударды. Қазіргі уақытта жас педагогтардың активі тек облыстық, республикалық немесе халықаралық іс-шаралардың қатысушылары ғана емес, сонымен қатар олардың ұйымдастырушылары болып табылады, олардың көпшілігі кәсіби қызметте ғана емес, сонымен қатар кәсіподақ жұмысында да жаңа технологияларды енгізу идеяларының авторлары болып табылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша жас педагогтарды қоғамдық бірлестіктің Алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті.
Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-