КӘСІПОДАҚ ҰЖЫММЕН КЕЗДЕСТІ
Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қызметкерлері ұжымымен кездесті.
Төраға орынбасары Е.Крупко және құқықтық мәселелер жөніндегі бас маман И.Соколов кәсіподақ мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарының беру тәртібі, бөліктерге бөлу, төлем жасау тақырыбына ерекше назар аударды.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен қатар білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне демалыс уақытын беру мәселесі 2021-2023 жылдарға арналған «ШҚО білім басқармасы» ММ мен «ШҚО білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің 5-бөлімінде қаралған.Ақылы демалыстарды беру кезектілігі күнтізбелік жыл басталғаннан бастап он күннен кешіктірмей бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісім бойынша ұйым басшысы бекітетін демалыс кестесіне сәйкес жыл сайын айқындалады. Қызметкер демалыстың басталу уақыты туралы ол басталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей хабардар етілуге тиіс. Демалыс кестесіне өзгерістер енгізілген жағдайларда қызметкерге бұл туралы демалыс басталғанға дейін кемінде екі апта бұрын хабарлануы тиіс.
Жыл сайынғы жазғы демалысқа немесе олар үшін қолайлы кез келген уақытта келесі қызметкерлердің басым құқығы бар:
а) кәмелетке толмаған баланы (18 жасқа дейін) жалғыз тәрбиелеп отырған ата-аналар (қамқоршылар);
б) үш және одан да көп баласы бар әйелдер;
в) еңбек жарақатын алған қызметкерлер;
г) кез келген қызметкерлер емделуге жолдамалары болған жағдайда.
Демалысты ұзарту, ауыстыру, бөлу және кері қайтарып алужағдайлардақызметкердің келісімімен жүргізіледі, ҚР Еңбек кодексінің 93-95 баптарында көзделген.
-
Фото
-