Статья М.Т.Амантаевой "Кемел елдің ертеңіне серпін берген бас құжат" в газете «Білімді ел» - образованная страна, №8 (69) 28 февраля 2017 г.
Кемел елдің ертеңіне серпін берген бас құжат
Ел дамуына зор серпіліс беретін жыл сайынғы дәстүрлі Президент Жолдауы- ның мәні биыл идеялармен, қарымды бастамалармен, жауапты тапсырмалармен ерекшеленді. Ірі реформалар, мемлекеттік маңызды саяси ұстанымдар, өркениет- тілік пен тұрақты дамуға жол бастайтын мемлекеттік стратегиялық бас құжатты елдегі ең ірі қоғамдық ұйым – Қазақстан- дық салалық білім және ғылым қызмет- керлер кәсіподағы да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына, оның мазмұны мен терең мәніне ерекше жауапты көзқа- рас танытады. Жолдауда белгіленген тапсырмалардың жүзеге асуына, сандық көрсеткіштен сапа- лық көрсеткіштің анағұрлым басым болары- на азаматтық қоғамның дамуындағы тұрақты институттың белсенді ұйымы ретінде жандану мен жаңғырудың сара жолына түскен барлық мемлекеттік маңызы бар іс-қимылдардың бағыт-бағдарына өзіндік үлесімізді қосып, ел- дің дамуында келелі жұмыстардың тиянақта- луына әрі қарай атсалысудамыз.
Бес басымдықтан тұратын «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілет- тілік» атты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы республикамыздың қол жет- кізген табыстарын саралай келе, елдің стра- тегиялық саясаты мен Ұлт көшбасшысының көрегенділігін, сонымен қатар саяси ерік-жі- герінің жарқын көрінісін білдіреді. Жаһандық бәсекелестік көшіне ілесе отырып, даму өзек- тілігіне қазақстандық үлгіні қалыптастыруға бейімделдік.
Дамудың ұлттық сипаты, дара келбеті жаһандық елдер арасында түрлі талқыға түсіп жатқаны да Қазақстанның абыройы мен беделінің олжасы болса керек. Ел да- муының басым бағыттарын айқындайтын бас құжаттың ел саясатындағы өзіндік өрнегі де, өнегесі де өзгеше.
Білім беру саласы мемлекет өркениетінің ең бір салмақты, жауапкершілігі мол, елдік- тің ертеңіне зор сенім ұялататын, ұлттың ұлылығын ұлықтайтын ерекше сала. Ол тәу- елсіздіктің алғашқы күнінен ешқашан жасам- паздық бағыт пен ұрпақ мүддесінен айныған емес. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның білім саласын дамытуға бағытталған ұстанымдары мен саясатын ерекше айта кеткен жөн. Мем- лекетіміздің тәуелсіздігі қалыптасуының өткен жылдары, ұмытылмас, ең қиын кезеңдерді еңсерген асулар ұстаздар қауымының есінен кете қоймас. Бүгінгі таңда сол түйткілдерді шеше жүріп, жаңа бәсеке мен талаптарға ұмтылып келеміз.
Жолдауда көрсетілген басымдықтың бірі – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңей- туге қатысты кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет жекеменшік серіктестігінің аясын кеңейту ба- рысында балабақшаға жеке секторды тарту жұмысын жетілдіру тапсырмасы көрсетілген. «Бізде қазірдің өзінде оларды мектепке дей- інгі білім беру ісіне тарту саласында жақсы нәтижелер бар. Өткен 3 жылда мемлекет 40 мың орынға арналған 189 балабақша салса, жекеменшік сектор 100 мың орынға арналған 1300 балабақша ашты. Жекеменшік балабақ- шалардың көбі Оңтүстік Қазақстан (397), Ал- маты (221), Қызылорда (181) облыстарында ашылды», – деп Елбасының Жолдауда кел- тірген мәліметтерінен жеке сектордың білім беру саласындағы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің сапалық деңгейінің артуына жақсы қадамдар жасап жатқанын аңғаруға болады.
Тәрбие тал бесіктен басталатынын, ал де- мографиялық ахуалдың жылдан жылға жақ- сарып келе жатқанын ескерсек, балабақша мәселесі әрдайым өзекті болып қала бермек. Мұндай мекемелердің жекеменшік түрлерін арттыру тапсырмасын Үкімет те тиісті ведом- стволар мен жергілікті билік органдарына беріп келді, беріліп те жатыр. Күрмеуі күрделі білім беру саласының аса маңызды әрі стра- тегиялық мәні орасан зор тұсының бірі осы – мектепке дейінгі білім беру жүйесі.
Балабақша тәрбиесі жас ұрпақтың өмірінде жауапты орын алатынын ескерсек, бұл бағыт- тағы барлық жұмыстарға қанша күш жұмса- сақ та артық етпейді. Жеке сектордағы мек- тепке дейінгі білім беру мекемелерін дамыту арқылы біз тек балаларды бақшамен қамту мәселесін ғана шешіп қоймаймыз, жас аналар мен қоғамның жұмыссыздық мәселесіне де оңтайлы қадамдар жасайтынымыз сөзсіз.
Жеке балабақша жұмысын құру мен ұй- ымдастыру жұмыстарына да ерекше ұқып- тылық қажет екені айқын. Жеке секторды тарту барысында қойылатын талаптардың орындалуына да қадағалау жасалынуы тиіс. Бәсекеден сапа туындайды. Бірақ сапаны кө- тереміз деп кейбір жеке меншік балабақшалар төлемдерін өте жоғары қояды. Бұл салада жүрген кез келген отаншыл азамат, мемлекет- тің дамуына да үлесім болсын деген оймен жұмыс жасауы шарт. Өйткені, бұл үлкен кіріс беретін бизнестің түріне жатпайды.
«Ұлт жоспары – Мемлекет басшысы Нұр- сұлтан Назарбаевтың бес институционал- дық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» аясында ұлттық білім нысан- дарының сапасын арттыру, орта білім беру саласына жаңа стандарттарды енгізу жөнінде нақты тапсырмалар берілгенін білім саласы- ның кәсіби сарапшылары жақсы біледі. Осы орайда аталмыш бағыттың «Жаңғырту 3.0» Жолдауында да жалғасын тауып, тапсырма- лар берілгені өте құптарлық. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», – деп айтылған Елбасының сөзінен келешек ұрпақтың алдында тұрған келелі міндеттерді тиянақты орындау үшін, әлемдік бәсекеге төтеп беріп, заманның даму жылдамдығынан қалыс қалмай, жаңа өзгерістерге бейім, білікті елдің білімді ұрпағы болу үшін ең біріншіден сапалы білім мен саналы тәрбие арқылы ұрпақты сусындату керек.
Адами капитал сапасының ерекше көр- сеткіші ұстаз бен оқушылардың, болашақ ұр- пақтың білім деңгейінен айқын аңғарылады. Мұғалімнің ең негізгі миссиясы – шәкірттің өз-өзін тануға, дамытуға әрдайым ықпал жа- сап отыру. Әр оқушының қоғамға, өз Отанына қызмет етуін санасына сіңіру қажет. Педаго- гикалық жаңашылдық үрдіс пен идеялар қа- зақстандық мектептердің тынысын ашып, зер- десін ұштайды.
«ІТ-білімді, қаржылық сауаттылықты қа- лыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мек- тептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту керек», – деп нақты тапсырманы баса айтқан Президент Нұрсұл- тан Назарбаевтың бұл сөзі де Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлер кәсіподағын бей-жай қалдырмайды. Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық база- сын арттыру мәселесі білім беру сапасын жақ- сы көрсеткішке итермелейтіні рас. Ауылдағы білім сапасын арттыру бастамасы қойнауы құт болған ауылдың тыныс-тіршілігіне, ауыл мек- тептерінің жаңа келбетіне, жалпы алғанда, ұлт баласының лайықты әрі сапалы білім алуына зор серпіліс берері сөзсіз.
«Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педа- гогтардың жетіспеу проблемасы бар» – деген Елбасының сөзінен ауыл мұғалімдерінің бәсе- кеге қабілеттілігін арттыру тапсырмасы тұрға- нын аңғара аламыз. Елімізде білімі мықты, білі- гі жоғары, кәсібіне адал ұстаздар қауымының біршамасы ауылда екенін ескерсек, заманауи жаңа технологияларды пайдалана отырып, ауыл балаларын ақпараттық-техникалық да- мыту үдерістері арқылы оқыту мұғалімдердің жаһандық алпауыт елдердің кез келген мықты ұстаздарымен иық тіресе алатындарына жол ашамыз. Кадр потенциалын арттырудың са- лалық сипаттағы жаңа бейімділік дәл осы бағытқа икемделуі керек. Осыған байланысты кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талап- тарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет. Бұл мәселелерге қатысты «Тиісті ұсыныстар беру- ді тапсырамын» деп айтылған Президенттің тапсырмасына Білім және ғылым қызметкер- лер кәсіподағы да белсенділік танытуда.
Орта білім беру жүйесіндегі үш тілді оқуға көшу мәселесіне де айрықша тоқталған Ел- басы «Ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете ал- майды» – деді. Ағылшын тілін жалпыласты- руды жүзеге асыру барысында кездесетін кадр әлеуетіне қатысты шешім күттірмейтін мәселенің де маңыздылығын атап өтті. «2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пән- дерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойлап, ақылмен шешу қажет» – делінгенге сәйкес, уақыт пен заман талабына сай халықаралық байланыс тілінің бұл түріне ерекше көңіл бөлу керектігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Ағылшын тілінде сабақ беру үрдісі – білім жүйесін жаңартудағы аса маңызды бағыттардың бірі Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Назарбаев университетінде сәтті жүргізіліп жатыр.
Жоғары білімнің ұлттық брендіне айналған «Назарбаев Университеті», еліміздің инду- стриялық-инновациялық болашағын дамытуға үлес қосуға қабілетті ұлттық техникалық және ғылыми элитаның жаңа буынын дайындауда қарымды қадамдар жасап жатыр.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жал- пыға бірдей тегін кәсіптік білім беру жобасы жүзеге асты. Бұл туралы 2016 жылы 1 желтоқ- санда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық жастар форумында «Баршаға – кәсі- би білім» бағдарламасының енгізіліп жатқанын атап өтіп, «Мемлекет баршаның өндірістен жұ- мыс орнын табуына кепілдік беретін өмірдегі алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алуға мүмкіндік туғызып отыр» деді. Бұл өте орынды әрі дер кезінде жүргізілген бастама.
Бұл бағытта қоғамға керек, сұранысы жоғары, елдің даму қарқынына аса қажет мамандарды оқытып, қайта дайындау ісіне ерекше басымдық берілетін болса, шикі- затты экспортқа шығаруға тәуелді болып келген жас мемлекеттің экономикасы сөзсіз еселей түседі. Елдегі кәсіпорындар тарапы да бұл мәселеге баса назар аудару керек. Қоғамға ең керек мамандықтарға, бәсекеге қабілеттілікті арттыратын кәсіп маман ие- леріне сұранысты жетілдірген абзал. Осы орайда алдымен елімізде тапшы маман- дықтар бойынша мамандарды дайындауда жергілікті билік өкілдерімен кәсіпорындар, ірі кәсіпкерлер мен білім саласының жергілікті өкілдерімен бірлескен іс-қимыл жасау кезек күттірмейтін мәселе.
Елбасы Н.Назарбаев тәуелсіз Қазақстан- ның кемел болашағына сапалы білім, сана- лы тәрбие және заманауи технологиялар арқылы қол жеткізуге болатынына терең мән беріп, білім саласына басым бағытты айқындап, еліміздің шикізатқа тәуелсіз ал- дыңғы қатарлы қуатты, ғылыми-технология- сы дамыған елдің қатарында болуға барлық мүмкіндігіміздің мол екенін салмақты атап өтті. Осы орайда, сан алуан мамандардың әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын сапа- лы білім алуы – ең бірінші міндет екеніне ешкімнің таласы бола қоймас. Ал, осы білім саласының ең үлкен ауыртпалығы мұғалім- дерге, әсіресе, ауыл мектептерінде жұмыс істеп жатқан ұстаздарға түсетіні сөзсіз.
Мұғалімдердің күнделікті әлеуметтік- экономикалық хал-ахуалынан хабардар жастар қауымы бұл мамандықтан гөрі ең- бекақысы көбірек, арқалар жүгі жеңілдеу мамандықтарды қалайды. Мұғалімдер өз- дерінің кәсіби міндетінен тыс толып жатқан жұмыстарды атқаратынын (сенбілікке қаты- су, мерзімді басылымдарға жазылу, сайлау алды немесе үй-үйлерді аралап тізім жасау, ата-анамен жұмыс, түрлі анықтамалар мен есептер жазу, т. б.) жасырмаймыз. Яғни, бұл орайда білімді, бірнеше тілді білетін, үлкен ауыртпашылық жүкті арқалап, ел аманатын абыроймен орындаған ұстаздар- да еңбектеріне қарай лайықты еңбекақысы болуы қажет. Сонымен бірге, қоғам болып, ата-аналар қауымы болып киелі мамандық иелеріне деген көзқарасты өзгертумен бұл мамандыққа жастардың құлшынысын артты- ру арқылы сапалы мамандарды жоғарғы оқу орындарында дайындау мүмкіндігі туар еді.
Қазір бізге келіп түскен арыз-шағымдардың көбі осы мәселенің төңірегінде. Соған орай білім саласының осы бағыттағы түйінді мәсе- лелерін шешуде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы өзінің әлеуметтік әріптесі Білім және ғылым ми- нистрлігімен екі жақты келісім шарт аясында бірлескен уағдаластықтар жасалынып жатыр. Әсіресе, «Білім туралы» Заңына өзгертулер мен түзетулер, кәсіби стандарттарды талқы- лауда, көптеген салалық нормативтік құқықтық актілерді талқылауда өз көзқарасы мен пікірін білдіріп біріккен іс-қимылдар атқарылып ке- леді. Ондай жұмыстар облыстар мен жергілікті жерлерде де белсенді түрде жүргізіліп жатыр.
Мемлекеттің қуаттылығы оның білім дең- гейі мен денсаулық жағдайымен өлшенетін болса, ғалымды да, инженерді де, дәрігерді де мектеп қабырғасындағы қаққан қазығынан өмір бойы білім нәрімен сусындатқан ұстазы екенін ешкім жоққа шығара қоймас. Адам капи- талының сапасын арттырудың негізгі бастауы да білім деңгейінде жатқанына салмақты на- зар аударуымыз керек. Бұл сапа көрсеткішінің артуы тікелей ұстаздармен байланысты.
Қоғам алдындағы мұғалім мәртебесі мен олардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқа- ты қазіргі деңгейден де жақсара түсетін бол- са, адам капиталының сапасы да көрнекті нәтижелерге қол жеткізеді. Осы орайда қоға- мымызда ұстаз мамандығына артылатын жүк те, сенім де салмақты.
Ұстаз мәртебесінің жоғары болуы білім са- пасын арттырудың бірден бір кепілі. Оған бүкіл қоғам болып атсалысу керек. Бұл дегеніміз, ел мерейінің биіктеуіне, болашақ ұрпақтың сана- лы тәрбие алуына, өрендердің ел патриоты болуының да кепілі болмақ. Елдің түрлі сала- сын жоғарғы деңгейге көтеру барысында кез келген адам өзінің жұмыс орнында, отбасында атсалысуы керек. Ел тыныштығы мен бірлігін сақтай отырып, салалық білім және ғылым қызметкерлер кәсіподағы педагогтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау жо- лында еш аянбақ емес.
Әлемдік білім беру кеңістігіндегі доданың оңай болмайтыны белгілі. Талап та жоғары, бәсеке де күшті. Бағыты белгілі, мақсаты ай- қын білім беру саласы бәсекелестік мүмкін- дігін ұтымды пайдаланып, ізденіске бағыт- талған бұл сала тиянақты жемісін берер күн алыс емес.