ҚАРАСАЙ ЖӘНЕ ҰЙҒЫР АУДАНДАРЫНДАҒЫ СЕМИНАР
16-17 сәуірде Алматы облысының білім және ғылым ұйымдарының жергілікті «Қамқор» кәсіподағының жұмыс жоспарына сәйкес Келісу комиссиясының мүшелері мен еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспекторларды оқыту семинарлары Қарасай және Ұйғыр аудандарында өтті.
Семинарға Орталық комитет Аппаратының құқықтық жұмыс, әлеуметтік әріптестік, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсізді бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева және заңгер Айдарбек Бектабанов қатысты.
Семинарды «Қамқор» кәсіподағының төрағасы Сара Байбосынова ашып, Келісу комиссиясының қызметі, маңыздылығы мен мақсатын түсіндірді.
Райхан Қыдырбаева «Еңбек шартын тоқтату» тақырыбы бойынша дәріс жүргізді. Шара барысында кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек заңнамасы, еңбекке ақы төлеу, еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылау жүргізу мәселелері талқыланды.
Айдарбек Бектабанов «Салалық келісімнің оқу-ағарту саласындағы әлеуметтік әріптестікті реттеудегі атқаратын ролі» тақырыбында ақпарат берді.
Семинарлар еркін диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
-
Фотографии
-