КӘСІПОДАҚ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАРЛАР
«Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ ұйымдастыруымен кәсіподақ филиалдарының төрағалары мен есепшілеріне арналған ауқымды ақпараттық семинар-кеңестер өтті.
Бұл шара - 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында республикалық семинарларға қатысып қайтқан кәсіподақ белсенділерінің жинақтаған білімі мен тәжірибесін әріптестеріне үйрету, бөлісу мақсатында ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты - заңнамадағы соңғы өзгерістер аясында кәсіподақ белсенділерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, қаржылық және құқықтық сауаттылықты күшейту, сондай-ақ өзара тәжірибе алмасу алаңын құру.
1-БЛОК: «Кәсіподақ ұйымының қаржы-шаруашылық қызметі» (Есепшілерге арналған кеңес)
Кіші конференц-залда бас қосқан филиал есепшілері жаңа ҚР Салық кодексінің талаптары мен есеп саясатын талқылады. Семинар барысында келесі өзекті тақырыптар қозғалды:
-Жаңа Салық кодексі аясында жеке тұлғалардың табысына салық салудың ерекшеліктері.
-Кәсіподақ ұйымдарындағы бақылау-тексеру комиссиясының жұмысын заманауи үлгіде ұйымдастыру.
-Есепші жұмысында жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін пайдалану, цифрлық көмекшілердің қауіпсіздігі мен шекаралары.
2-БЛОК: Құқықтық және кадрлық мәселелер (Төрағаларға арналған ақпараттық семинар)
Акт залында өткен филиал төрағаларының басқосуында ұйымдастырушылық және заңнамалық реформалар сөз болды.
-Салалық жаңалықтар: Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы Пленумының маңызды шешімдерін жеткізді.
-Еңбек заңнамасы: ҚР Еңбек кодексіне 2026 жылы енгізілген ең соңғы өзгерістер мен толықтырулар егжей-тегжейлі түсіндірілді.
-Іс қағаздарын жүйелеу және бақылау: Ұйымдарда іс жүргізуді заманауи талаптарға сай реттеу және қоғамдық тексерулерді жүргізу тәртібі қаралды.
-Медиа және имидж: Кәсіподақтың әлеуметтік желілердегі жұмысын жандандыру және арнайы регламенттерді қолдану мәселелері талқыланды.
-Тәжірибе алмасу: Республикалық семинардан кейінгі озық тәжірибелерді аймақтарда қолдану жолдары ортаға салынды.
Қос семинардың соңында қатысушылар өздерін мазалаған сұрақтарға тұшымды жауаптар алып, өзара пікір алмасты. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға алдағы жұмыста қолдану үшін нақты әдістемелік ұсынымдар берілді. Кәсіподақ активінің біліктілігін арттыру бағытындағы мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фотографии
-