• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Басқа

  • Басты бет
  • Басқа
  • ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ОРТАСЫН…

ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ОРТАСЫНДА АШЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДА ТӘЛІМГЕРДІ БЕКІТУ ТӘРТІБІ

❓Білім беру ұйымы оқу жылының ортасында мысалы, қаңтар – ақпан айларында ашылған жағдайда педагогке тәлімгер қалай бекітіледі? Ресми тәртібі бойынша түсіндірме беруіңізді сұраймын.

❗️Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптардың тәртібі ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 бұйрығымен реттеледі (әрі қарай - Қағидалар).

✍️ Қағидалардың 3, 4 - тармақтарында орта білім беру ұйымына кәсіптік қызметке алғаш рет кіріскен педагогке бір оқу жылы кезеңіне тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагог (бұдан әрі – тәлімгер) бекітіледі.

🔰 Тәлімгердің кандидатурасы педагогикалық кеңестің отырысында қаралады және педагог жұмысқа қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей орта білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бір педагогке бір тәлімгер бекітілетіні көзделген.

📌 Сонымен қатар, Қағидаларда (6-тармақша) тәлімгерлік процесін ұйымдастыру үш негізгі кезеңді қамтитыны және әрбір кезеңде тәлімгердің атқаратын міндеттері мен орындау мерзімдері белгіленген. Мысалы, бірінші кезеңді белгіленген мерзімде қорытындылауда тәлімгер диагностиканың нәтижелерін ескере отырып, бір оқу жылы кезеңіне арналған тәлімгерлік жоспарын әзірлейді, ол басшының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен келісіледі және орта білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі. Яғни,

📌 Тәлімгерлік жоспар толық бір оқу жылына жасалатыны сипатталып отыр.

Екінші негізгі кезеңде тәлімгер Тәлімгерлік жоспарын іске асырады және бір оқу жылы ішінде кәсіби даму және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізеді.

#Үшінші қорытындылау кезеңде тәлімгер оқу жылының қорытындысы бойынша педагогикалық кеңестің отырысына тәлімгерлік нәтижелері туралы есеп дайындайды, онда Тәлімгерлік жоспарының іс-шараларын іске асыру нәтижелері көрсетіледі және іс-әрекетте практиканы жетілдіру үшін ұсынымдар береді. Сонымен қатар, Қағидаларда (7, 8- тармақшаларда) тәлімгерлік кезеңінде педагогтың орындайтын міндеттері, атқаратын іс шаралары мен Тәлімгерлік жоспардың қамтылу кезеңі бір оқу жылы аралығына жасақталатыны айқындалған.

Мысалы, Тәлімгерлік жоспардың 7)-тармақшасын жүзеге асыру орта білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің отырысында аралық есеп (оның ішінде электрондық) және бейнеролик 1-жартыжылдықта ұсынылатыны бекітілетіні қаралған.

📌 Сонымен, Сіздердің жағдайда, егер білім беру ұйымы оқу жылының ортасында мысалы, қаңтар – ақпан айларында ашылған жағдайда, (жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырды қоса алғанда аяқталатындықтан ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 29 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығы) тәлімгердің жоғарыда көрсетілген Қағидалардағы негізгі міндеттерін жүзеге асыруы толық бір оқу жылына жоспарланып, бекітілетінін негізге алып, тәлімгерлікті Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес педагог жұмысқа қабылданған күннен бес жұмыс күнінен кешіктірмей басшысының бұйрығымен келесі жаңа оқу жылынан бастап жүктелуін көрсеткен дұрыс.

Жарияланған күні: Қыр. 14, 2026
Бөлісу

Фото

Санаттар

  • Аттестаттау
  • Еңбекақы төлемі
  • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
  • Еңбек шарты
  • Басқа

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты