• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Басқа

  • Басты бет
  • Басқа
  • БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒА…

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІНЕН ТӘРБИЕШІГЕ АУЫСҚАНДА БІЛІКТІЛІК САНАТЫ САҚТАЛА МА?

❓❓Бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқардық, педагогикалық еңбек өтіліміз 20 жылдан астам. Тиісті аттестаттау комиссиясының шешімімен 2025 жылы бастауыш сынып мұғалімі лауазымы бойынша берілген менде педагог-зерттеуші санаты, ал әріптесімде педагог-модератор санаты бар. 2026-2027 оқу жылының басынан біздер мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі лауазымына ауыстырылдық. Қазір жалақы санатсыз төленіп отыр, осы қаншалықты дұрыс?

‼️Педагогтардың біліктілік санатына қатысты белгіленген тәртіптері «Педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен айқындалған (әрі қарай - Қағидалар).

✍️ Осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына немесе әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымға ауысқан кезде немесе педагогикалық қызметті қоса атқару немесе қосымша атқару шарттарында жүзеге асырған кезде немесе педагогтің қызмет бейініне сәйкес білім беру ұйымында педагогті (оның ішінде әдіскерді) басқа лауазымға тағайындаған кезде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.

📌Сіздердің жағдайда, біліктілік санаттарын беру (растау) бойынша тиісті аттестаттау комиссиясының 2025 жылғы шешімімен бастауыш сынып мұғалімі лауазымы бойынша берілген (расталған) «педагог-зерттеуші» және «педагог-модератор» біліктілік санаттары жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 27-тармағына сәйкес қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі лауазымына сақталуы тиіс.

📌 ✍️ Біліктілік санаттары сақталуы тиіс педагогтарға мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі лауазымын атқаруыға шығарылған жұмыс берушінің бұйрығына Қағидаларда көрсетілген 27-тармақ негізінде санаттарының мерзімі ааяқталғанға дейін қолданыстағы біліктілік санаттары сақталып тиісті қосымша ақылары төленуі жөнінде өзерістер мен толықтырулар енгізілуі қажет.

📌 Орын алған заң бұзушулықтар шешімін таппаған жағдайда қызметкердің өзінің бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру мақсатында ҚР Еңбек кодексінің 159 бабында көзделген тәртіпке сәйкес Келісім комиссиясымен жалпы сот құзыретінде қарастыруға мүмкіндіктеріңіз бар.

 

Орталық комитет аппаратының құқықтық қызметі

Жарияланған күні: Қаз. 14, 2026
Бөлісу

Фото

...

Санаттар

  • Аттестаттау
  • Еңбекақы төлемі
  • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
  • Еңбек шарты
  • Басқа

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты