КӘСІПОДАҚТЫҢ ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ
Бүгін , 25 маусымда, Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы Орталық комитетінің Пленумы өтті.
Пленум Салалық кәсіподақтың XV съезіне Орталық Комитеттің есепті баяндамасын бекітті және алдағы Съезде Кәсіподақ төрағасы А.Мұқашеваға баяндама жасауды жүктеді.
Орталық Комитет мүшелері Съездің қарауына Салалық кәсіподақ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныс беру туралы шешім қабылдады.
Пленум Съезде Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы төрағасын сайлауға кандидатураны ұсыну туралы мәселені қарады.
Күн тәртібіндегі сұрақтарды талқылау нәтижесі бойынша Пленум тиісті қаулылар қабылдады.
Алқалы жиын соңында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының мүшелік ұйымдарының қызметін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 2023 жылғы қорытындысы бойынша жүлделі орын алған мүшелік ұйымдарды марапаттау рәсімі өтті:
І орын – «Жамбыл облысының оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ;
ІІ орын – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ;
ІІІ орын – «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Абай облыстық кәсіподақ ұйымы».
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-