ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ – КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ өкілдері еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне арналған KIOSH 2026 халықаралық конференциясы мен көрмесіне қатысты.
Іс-шара 2026 жылғы 28–29 сәуір күндері МВЦ «EXPO» алаңында өтіп, халықаралық және отандық жетекші сарапшыларды, мемлекеттік органдар, кәсіподақтар мен бизнес өкілдерін біріктірді.
Конференция аясында Кәсіподақ өкілдері еңбек қауіпсіздігі саласындағы заманауи шешімдер мен технологиялар ұсынылған тақырыптық көрмені тамашалап, сондай-ақ бірқатар негізгі сессияларға қатысты.
Ерекше қызығушылық тудырған тақырыптар:
- өндірістік тәуекелдерді болжауда жасанды интеллект пен аналитиканы қолдануға арналған панельдік сессиялар;
- әлеуметтік сақтандыру мен қызметкерлерді қорғаудың халықаралық тәжірибелерін талқылау;
- кәсіби тәуекелдерді бағалау және еңбекті қорғау саласын цифрландыру мәселелері;
- Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік стандарттарына интеграциялану бағыттары қарастырылған стратегиялық пленарлық сессия.
Сонымен қатар, Кәсіподақ өкілдері қауіпсіздік мәдениетін дамыту, өндірістік медицина және қызметкерлерді оңалту перспективалары талқыланған сараптамалық және форсайт-сессияларға қатысты.
Алынған білім мен тәжірибелік кейстер Кәсіподақтың қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі әрі қарайғы жұмысында, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіруде қолданылатын болады.