ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЕНБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ САЛАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
20 мамырда Астанада Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат жетекшісі М.Д.Қожахметтің төрағалығымен Ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа Ж.Х. Тохтаров, Г.С. Джарасова, Е.Е. Тілешов, А.Ж. Бектабанов, Б.Б. Сейдеш және тағы басқалар қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар Салалық комиссияның 2025 жылғы жұмыс жоспарының іске асырылу барысын қарастырды, сондай-ақ ғылым және жоғары білім ұйымдарындағы жұмыс берушілер, кәсіподақ ұйымдары мен еңбек ұжымдарының өкілдері арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамытудың өзекті бағыттарын талқылады.
Күн тәртібі бойынша Салалық комиссияның 2025 жылғы жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпаратпен «Қазақстандық оқу- ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағы» ҚБ құқықтық инспекторы А.Ж. Бектабанов баяндама жасады.
Әлеуметтік-еңбек қатынастарын жетілдіруге, қызметкерлердің құқықтарын қамтамасыз етуге және әлеуметтік диалог механизмдерін нығайтуға бағытталған атқарылған жұмыстардың нәтижелері қарастырылды.
Сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Б. Сейдеш сөз сөйлеп, университеттегі әлеуметтік әріптестіктің ұйымдастырылуы, әкімшілік пен кәсіподақ ұйымының өзара іс-қимыл тәжірибесі, сонымен қатар қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріптестік жүйесін одан әрі нығайтудың маңыздылығын, сондай-ақ еңбек қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз ету және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдарының күш-жігерін біріктіру қажеттілігін растады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
-
Фото
-