«КӘСІПОДАҚ ОРТАСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ: ЕРЕКШЕЛІКТЕР МЕН СЫН-ҚАТЕРЛЕР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ТРЕНИНГ
Салалық кәсіподақтың белсенді жастары мен аппарат жас мамандары бүгін өткен «Кәсіподақ ортасындағы көшбасшылық: ерекшеліктер мен сын-қатерлер» тақырыбындағы тренингке қатысты.
Шараның ұйымдастырушылары - ҚР Кәсіподақтар Федерациясы және «Фридрих Эберт атындағы қор» ГҚА Қазақстандағы өкілдігі.
Тренинг барысында сарапшылар Г.Нәби «Қазіргі Кәсіподақ көшбасшысының эмоционалды интеллектісін дамытудағы практикалық дағдылар-қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне жауап ретінде» және Ж.Нұрғалиев «Кәсіподақ ортасындағы командалық көшбасшылық: сенім, рөлдер және бірлескен жауапкершілік» тақырыптарында командалық ойындар өткізді.
Мұндай шаралар кәсіподақ жас белсенділерінің көшбасшылық әлеуетін нығайтуға, кәсіби құзыреттерді дамытуға және кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Салалық кәсіподақтың жастары шараға белсене ат салысып, ой пікірлерімен бөлісті.