• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА Д…

ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА ДОСТЫҚ ПЕН СПОРТ МЕРЕКЕСІ!

22 қазан күні киелі Қаратаудың баурайындағы Хантағы ауылы, Пушкин атындағы №6 жалпы білім беретін мектептің спорт залында ерекше рух пен жігерге толы маңызды спорттық шара өтті. Бұл күні Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойына және 25 қазан – Республика күніне орай Түркістан облысына қарасты қалалық, аудандық білім бөлімдерінің 40 жастан жоғары ұстаздар арасында баскетболдан Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің ашық кубогі ұйымдастырылды.

Турнирді Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ Кентау қалалық кәсіподақ комитеті мен Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бірлесе ұйымдастырды. Бұл шара ұстаздар қауымының бірлігін нығайтып, салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған маңызды оқиға болды.

Жарыстың басты мақсаты – ұстаздар қауымы арасында салауатты өмір салтын насихаттау, баскетбол спорт түрін дамыту және әріптестік пен достық байланыстарды нығайту болып табылады. Иә, бұл тек спорттық сайыс емес — ұстаздардың бірлігі мен өзара сыйластығын паш ететін, қоғамға сергектік пен ынтымақтың үлгісін көрсететін ерекше шара болды.

Турнирдің ашылу салтанатында қатысушыларды Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Жақаев, сондай-ақ Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы М.Таукеева құттықтап, барша спортшыларға сәттілік пен әділ бәсеке тіледі. Ұйымдастырушылардың жоғары деңгейдегі дайындығы мен қатысушылардың ерекше көңіл күйі іс-шараның маңызын арттыра түсті.

Жарысқа жалпы 5 команда қатысып, әрқайсысы өз өңірінің намысын қорғады. Әділ төрелік ету мақсатында төрешілер ойындарды жоғары кәсіби деңгейде басқарды. Әрбір матч тартысты өтті, көрермендер спорттың шынайы рухын сезінді.

Турнир қорытындысы бойынша жекелеген номинациялар анықталды:

🏀 Орталық шабуылшы – Софиев М. (Кентау–1 командасы)

🏀 Қорғаушы – Мамакеев А. (Кентау–2 командасы)

🏀 Шабуылшы – Сатыбалдиев Қ. (Түлкібас командасы)

🏀 MVP (ең үздік ойыншы) – Қуандықов А. (Түлкібас командасы)

🏀 Үш ұпайлық лақтыру сайысы – Журабаев Е. (Арыс командасы)

🏀 Айып добы сайысы – Оспанов Н. (Арыс командасы)

Барлық үздіктерге дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Командалық есеп бойынша:

🥉 3-орын – Арыс командасы

🥈 2-орын – Кентау командасы

🥇 1-орын – Түлкібас командасы

Жеңімпаздар медаль, кубок және дипломдармен марапатталды. Бұл жеңіс – әр команданың еңбекқорлығы мен шынайы командалық рухының жемісі!

Кентау қалалық кәсіподақ комитеті барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, ұстаздар арасында осындай спорттық шаралардың жиі өтуі салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бірлікті арттыруға және дені сау ұрпақ тәрбиелеуге зор үлес қосатынын атап өтеді.

Салауатты өмір салты – мықты ұлттың кепілі!

Жарияланған күні: Қаз. 23, 2025
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты