• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ХАЛЫҚ МҰҒАЛІМІНЕ АР…

ХАЛЫҚ МҰҒАЛІМІНЕ АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

22 қазан күні Х.Досмұхамедов атындағы университетте Оқу-ағарту министрлігінің «Ұстаздарға алғыс!» және Қазақстан Кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығы және Кәсіподақтар федерациясының құрылғанына 35 жыл толуына орай «Тарихқа – тағзым, бүгінгіге – өзгеріс, болашаққа – сенім» атты айлық аясындағы шараларға сәйкес, «Құсиын Айтқалиұлының педагогикалық мұрасы және заманауи білім мәселелері: бүгіні мен болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

​Конференция жұмысының пленарлық мәжілісінің тізгінін ұстаған «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Қылышбай Сүндетұлы конференцияның мақсат-міндеттерімен таныстырды.

​Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Маржан Галимжанова Құсиын Айтқалиұлы туралы деректермен таныстырып, шара жұмысына сәттілік тіледі.

Пленарлық мәжілісте профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Назарбаев Университеті Ұлттық мәдени орталығының басшысы, «Құрмет» орденінің иегері Гүлтас Құрманбай, белгілі ғалымдар Шахман Нағимов, Аққали Ахмет және басқалары сөйлеп, халық ұстазы атанған атақты педагог, тәлімгер Құсиын Айтқалиев тұлғасы, ол кісінің педагогикалық мектебі мен әдіснамасы туралы айтып, шарада көтерілген тақырыптар мен мәселелер жөніндегі ойларын ортаға салды. Атырау қаласындағы Әл-Фараби атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің мұғалімі Ақшолпан Айтқали әкесі жайындағы жылы естеліктерімен бөлісті.

​Түске дейінгі уақытта өткен төрт секциялық отырыста көптеген мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, педагогикалық үдерістегі өзекті мәселелер мен жаңашыл тәсілдерді талқылап, бірқатар тиімді ұсыныстар енгізді. Бұл туралы секция жұмысына жетекшілік жасаған модераторлар баяндады.

​Конференцияның қорытынды бөлімінде Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының бас маманы Есбол Мұханбетқалиев сөйледі.

​

Университеттің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Ләйла Қойшығұлова Назарбаев университетінің професссоры, педагогика ғылымдарының докторы Гүлтас Құрманбайға «Атырау университетіне 85 жыл» толуына арналған мерекелік төсбелгіні тарту етіп, ректор С.Идрисов атынан Алғыс хат табыстады.

​«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Қылышбай Сүндетұлы Халық мұғалімі Құсиын Айтқалиев атындағы «Үздік педагогикалық қызметі үшін» атты төсбелгіні тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахметке табыстады.

​Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға Сертификаттар беріліп және баяндамаларын ұсынған мұғалімдерге конференция жинағының электрондық нұсқасы жіберілетіні хабарланды.

​Секциялық жұмыстарда баяндама жасаған барлық спикерлерге Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы және Х.Досмұхамедов атындағы университеттері басшылары атынан Алғыс хат берілді.

 

Атырау облыстық ұйымы

Жарияланған күні: Қаз. 23, 2025
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • КӘСІПОДАҚ МҮШЕСІНІҢ СОСНОВЫЙ БОР ШИПАЖАЙЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫ …

    None

  • ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

    Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері …

  • ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ҰШТАСҚАН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ

    Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Балалар …

  • «ҚОРҒАУ» КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ШИПАЖАЙЛАРЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС …

    None

  • БУРАБАЙДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫ ДЕМАЛУДА

    None

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты